Алматыдағы "тірі хирургия" конференциясы барысында 10 ота жасалды

1495

Неміс ғалымы Вальтер Секундо қазақстандық офтольмологтарды өз жобасымен таныстырды.  

Алматыдағы "тірі хирургия" конференциясы барысында 10 ота жасалды

Алматыда өтіп жатқан Германия мен Қазақстанның үздік офтальмологтары бірлескен "тірі хирургия" конференциясы барысында 10 ота жасалды. Көздегі артық тіндерді өте жылдамдықпен алып тастау лазерлік аппараттардың көмегімен іске асады, деп хабарлайды astanatv.kz.

"Адам операция столынан тұрған соң 3-4 сағатта айналасын көре бастайды, тіпті мұны "тұманның арасынан көру" деп те атаймыз. Келесі күні жұмысқа шыға берсе де болады. Әлемде бұл операцияны 1,5 млн адамға жасадық. Көздегі ауру тінді 25-26 секунда алып тастау тәсілі көп елде қолданылып жатыр", - дейді Вальтер Секундо.  

Профессордың айтуынша операцияның сәтті өтуіне науқастың жас ерекшелігі де әсер етеді. Мұндай хирургиялық әдіс негізінен көз жанары толық жетілген ересек адамдарда сәтті өтетін көрінеді. Алайда, Қазақстанда жанары алыстан көрмейтін, яғни, "миопия" дертіне әрбір 10-жасөспірім шалдыққан.   

"Біз Алматы, Астана сияқты үлкен орталықтардан тыс аймақтар да осы операцияларды меңгерсе дейміз. Әрине, әлемдік трендтер мен жаңа технологиялар зерттеу инситуттарына бірінші енеді. Арнайы "Жол картасы" бойынша тәжірибе мен жаңалықтарды Қазақстан бойынша тарату үшін өңірлік дәрігерлерді де шақырып отырмыз", - дейді Қазақ кһз аурулары ҒЗИ бас дәрігері  Марат Сүлейменов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу