Бишімбаев полицейлер келгенге дейін өсиет қалдыру үшін видео түсіріп алған

2833

Мемлекеттік айыптаушылар Байжановтың ұялы телефонын тексеру барысында Бишімбаевтың 9 қарашадағы бейнежазбасын тапты.  

Бишімбаев полицейлер келгенге дейін өсиет қалдыру үшін видео түсіріп алған Фото: zhogrgy_sot

Байжановтың айтуынша, ол өз-өзіне қол жұмсамау үшін уақытты создырған.

"Мен өзімнің бар байлығымды, құндылықтарымды балаларыма өсиет етемін, оларға беремін: балалар, Назым, Мансұр, Кәрім және Рания", - деді Бишімбаев видеода.

Алғашында сотталушы қандай өсиет қалдырғанын есіне түсіре алмаған. 

"Иә, бұл сәт есіме түсті, олар пышақты алып, мені байлап тастаған кезде Бақытжанға: "Егер маған бірдеңе болса, ата-анама және Назымға бер", - деп қосты Бишімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу