Біз тұтынатын балмұздақтың 40 пайызы шетелдік өнім

1006

Соңғы жылдары Қазақстандағы балмұздақ өндірісі 7,5%-ға өсті.

Біз тұтынатын балмұздақтың 40 пайызы шетелдік өнім

Бүгінде елімізде 20-дан астам балмұздақ өндіруші бар, деп хабарлайды abctv.kz.

Euromonitor International компаниясының мәліметіне сүйенсек, Қазақстандағы ең ірі балмұздақ өндіруші – "Шин-Лайн". Компанияның отандық нарықтағы үлесі 36%-дан асады. Кәсіпорын жылына 13 мың тоннадан астам балмұздақ өндіреді.

Жалпы елімізде балмұздаққа деген сұраныс жыл санап артып келеді. Орта есеппен алғанда нарық жылына 2-3%-ға өсуде. Сондай-ақ соңғы жылдары Қазақстандағы балмұздақ өндірісі де 7,5%-ға ұлғайған. "Шин-Лайн" компаниясының дерегінше, елімізде бір жылда шамамен 33 мың тоннадай балмұздақ өндіріледі.

Ел тұрғындары тұтатын балмұздақтың 40%-ы шетелдік өнім. Ал 60%-ын отандық компаниялар өндіреді.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу