БҚО-дағы боран кезінде 39 адам құтқарылды

788

БҚО-дағы боран кезінде 39 адам құтқарылды

Наурыз айы аяғына таяса да Орал өңірінде көктемнің лебі сезілер емес. Керісінше күн сайын табиғат тосын мінез танытуда. Мұнда боран мен көктайғаққа байланысты өңірде барлық бағыттағы жолдар жабылса, таяуда Орал-Тасқала мен Ресей шекарасына дейінгі күре жолда көлік қатынасына шектеу қойылды, деп хабарлайды 24.kz.

Ақтүтек боранда қар құрсауында қалған 25 жеңіл және жүк көліктері шығарылған. Төтенше жағдай қызметінің мамандары 39 жолаушыны қауіпсіз жерге жеткізген. Синоптиктер бүгін түнде де тұман түсіп, көктайғақ болады, кей жерлерде боран соғады деген болжам жасап отыр.

"Оралдан Тасқалаға одан әрі Саратовқа апарар жолдағы көлік қозғалысы таңмен қалпына келтірілді. Ал Тасқаладан Аққурай арқылы Болашаққа барар жолды кешке қарай ашуды көздеп отырмыз. Себебі ол жақта күндіз боран болды. Қазір жолдарды тазалау жұмыстары жүріп жатыр", - дейді облыстық ТЖД бөлім бастығы Бақытжан Ихсанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу