Денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасының жобасы мақұлданды

638

Елжан Біртановтың айтуынша, министрлік ресми өтінімдер мен БАҚ беттеріндегі, әлеуметтік желілерде көтерілген бар мәселелерді ескеріп, талдау жасаған. 

Денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасының жобасы мақұлданды

Бүгін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2016–2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының аясында денсаулық сақтаудың қазіргі мәселелері мен медициналық көмек көрсету сапасын арттыру туралы баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz.

"Қоғам көтеріп отырған денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын толықтыру үшін ұсынылған өзгерту жобасында көрініс тапты. Бұл өзгертулерді біз бүгін қарап, жүзеге асыруға мақұлдануын сұрап отырмыз", — деді министр.

Оның айтуынша, министрлік ресми өтінімдер мен БАҚ беттеріндегі, әлеуметтік желілерде көтерілген бар мәселелерді ескеріп, талдау жасаған. Сондай–ақ, денсаулық сақтау саласының түйіткілді мәселелері Қоғамдық кеңестің отырыстарында қаралған болатын. Үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары да ескерілді.

Сонымен, Елжан Біртановтың айтуынша, денсаулық сақтау жүйесінің негізгі мәселелері алты топқа бөлініп көрсетілді: қызмет көрсету сапасы; білікті мамандардың жетіспеуі; дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық жабдықтарды жаңарту; сондай-ақ халық арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ақпарат тарату; денсаулық сақтау жүйесінің ашықтығы; азаматтардың денсаулығының төмен деңгейі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу