Ильин мен Чиншанло әлем чемпионатына қатысады

746

Ильин мен Чиншанло әлем чемпионатына қатысады

Ауыр атлетикадан 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды. Құрама сапында допинг дауынан кейін спортқа оралған Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло да бар, деп хабарлайды Vesti.kz.

Биылғы әлем чемпионаты 1-10 қараша аралығында өтеді. Түрікменстан елінің астанасында 16 медаль жиынтығы сарапқа салынатын болады.

Қазақстан құрамасы жаттықтырушыларының кеңейтілген отырысында әлем чемпионатына қатысатын ауыр атлеттер анықталды. Құрама қазіргі таңда Сочиде оқу-жаттығу жиынында жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу