Иран қазақтары жайлы фильм түсіріп жатқан Қанат Бейсекеев тұтқындалды

792

Иран қазақтары жайлы фильм түсіріп жатқан Қанат Бейсекеев тұтқындалды

Иранда деректі кино түсіретін қазақстандық режиссер, сценарист әрі оператор Қанат Бейсекеев ұсталды. Бұл туралы PR-маман Әлішер Елікбаев хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Ол бұл елде фильм түсіріп жатыр. Енді Ирандағы қазақтар туралы фильм шыға ма, жоқ па - белгісіз. Көп болды сол жақта жүргеніне. Енді ғана біліп отырмын. Ешқандай да мән-жайын білмеймін. Оны ұстап, барлық құрал-жабдығын тәркілепті. Бұған дейін ол Моңғолиядағы қазақтар туралы фильм түсірген, кейін Өзбекстанға барып, сондағы қазақтар жайлы фильм түсірген, енді Иранға барған", - деді Әлішер Елікбаев.

Оның айтуынша, Бейсекеевтен бірнеше мың доллар тұратын құрал-жабдығы тәркіленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу