Қайталама нарықтағы баспаналар "7-20-25" бағдарламасымен берілуі мүмкін

602

Қайталама нарықтағы баспаналар "7-20-25" бағдарламасымен берілуі мүмкін

Қайталама нарықтағы баспаналар "7-20-25" бағдарламасымен берілуі мүмкін. Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов аталмыш өзгерістерді қабылдауға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Atameken TV.

Алайда ипотекалық жоба бір жылдық сынақтан өтуге тиіс. Осы аралықта тұрғындар сұранысы төмен болған жағдайда, екінші деңгейлі пәтерлер сатылымға шығарылмақ. Бұдан бөлек, министр жарты жылдың қортындысы бойынша инфляция алғаш рет 6 пайызға дейін төмендегенін жеткізді. Өткен жылы өсім 0,7 пайыз болса, биыл 0,1 пайызды құраған. Тимур Сүлейменов келер жылы бұл көрсеткіш 4,6 процентке дейін азайтылатылады деп сендірді.

"Инфляция деңгейі бірінші жарты жжылдықта 5,9 пайызды көрсеттті. Бұл жақсы көрсеткіш. Соңғы жыл ішінде ең төмен көрсеткіш деп айтуға болады. Ал азық-түзік тауарлар бойынша дифляция аймағына келдік 0,1 процент көрсеткіш болды", - дейді  Тимур Сүлейменов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу