Өскеменге Алматыдан әкелінген трамвайлар жөндеуден өтіп жатыр

601

Өскеменге Алматыдан әкелінген трамвайлар жөндеуден өтіп жатыр

Өскемендегі трамвай тағандарын толық жөндеуден өткізуге 2 млрд теңгеден астам қаражат керек, деп хабарлайды altaynews.kz.

Өскемен қалалық көлік компаниясының (бұрынғы трамвай паркі) директоры Владимир Панков тілшілерге берген сұхбатында осылай деп айтты.

"Бұның ішіне рельстердің толық ауысуы, шпал мен оның бөлшектері толық кіреді. Әрине аз қаражат емес. Бірақ бұл осыған татиды", – деді ол.

Панковтың айтуынша, Өскемендегі трамвай тағандары анау айтқандай апаттық жағдайда емес. Тек 6 шақырымдай жол ғана шұғыл жөндеуді талап ететін көрінеді. Кетеуі кеткен осы 6 шақырымда трамвайлар жиі тағаннан таяды екен. Бірақ ол жұмыс әлі қаржыландырылмай отыр дейді.

"Алматыдан сатып алынған 13 вагонның жағдайы туралы айтсақ, оның тек екі-үшеуі ғана жүріп тұр. Қалғаны механикалық жабдықталу үстінде. Өйткені олар көп пайдаланылған, бірақ жөндеу жұмыстарын көрмеген",-деді Панков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу