Павлодарда мас күйінде Ертістен жүзіп өтпекші болған ер адам құтқарылды

654

Павлодарда мас күйінде Ертістен жүзіп өтпекші болған ер адам құтқарылды

Полицейлік катермен Ертіс өзенін патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары суға батып бара жатқан адамды ажал аузынан аман алып қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

"Жағдайды жедел бағалаған полицейлер көмекке асығып, 23 жастағы облыс орталығының тұрғынын судан алып шықты. Ер азамат мас күйінде  киіммен және арқасына рюкзак іліп алып, Ертіс өзенінен жүзіп  өтпек болған".

Қала тұрғынын полицейлер экипажы жағаға жеткізіп, туыстарына тапсырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу