Тоба Өтепбаев жас ақындар айтысында жеңімпаз болды

1691

Тоба Өтепбаев жас ақындар айтысында жеңімпаз болды

Елордада "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында тәуелсіздік күні мен ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған жас ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Бүгін "Жастар" сарайында "Тәуелсіздігім – теңдігім, Егемендігім – елдігім" атты жас ақындар айтысы өтті. Оған еліміздің Алматы, Арқалық, Семей, Қызылорда, Павлодар, Шымкент қалалары мен Торғай, Шығыс Қазақстан өңірінен 9 айтыскер қатысты.

Қазылар алқасының шешімімен І орын Тоба Өтепбаевқа (Арқалық), ІІ орын Аян Ниязбекке (ОҚО), ІІІ орын Нұрқанат Қайратқа (Павлодар облысы) берілді. Ал Айбар Рағатов (Қостанай облысы) болса арнайы жүлде игері атанды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды.

Қалған барлық қатысушыларға Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің атынан алғыс хат және 50 мың теңге қаржылай сыйлық берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу