Жайық өзенінде аммиактан уланған балық 90 тоннаға жетті

1196

Атырау облысындағы Жайық өзенінде балықтардың жаппай қырылу дерегі өткен жылы желтоқсан айынан бастап тіркелді. 

Жайық өзенінде аммиактан уланған балық 90 тоннаға жетті

Жайық өзенінде аммиактан уланып, қырылған балықтың саны 90 тоннаға жетті. Мұндай деректі орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет әлеументтік желідегі парақшасында жазды.

Комитет өкілінің айтуынша, балықтардың қырылуына аммиактың уытты әсері себеп болған. Бұл балықтарды тексеру нәтижесінде дәлелденген.

Дегенмен, балықтардың қырылуына байланысты тергеу амалдары аяқталған жоқ, әлі де тексерілуде.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы желтоқсан айында Атырау облысындағы Жайық өзенінде балықтардың жаппай қырылып жатқанын хабарлағанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу