​«Астана» АӨК пайданың алтын арқауын тапты

Корпорация көше саудасы үшін жерді  ұзақмерзімді жалға алу құқығымен қайта сатуды арттырған, алайда оларға инженерлік желі қолжетімсіз болып отыр.  

03 Тамыз 2018 10:25 Автор: Ботагоз Омар
​«Астана» АӨК пайданың алтын арқауын тапты, көше саудасы, сауда, Астана, «Астана» АӨК, дүңіршек

Елорданың бірнеше бизнесмені «1000 орын-көше саудасы» бағдарламасы аясында сауда жасауға жағдай жасалмағанына шағымданды. Олар өз проблемаларын Астана қаласындағы өңірлік кәсіпкерлер палатасында Астана қаласы бойынша ҚР мемлекеттік қызметтер ісі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысы Назира Жылқышиева қатысқан «Қоғамдық қабылдау» кезінде жайып салды.

Елордадағы кәсіпкерлер палатасының заңгері Гүлмира Молдағалиева кезінде бағдарламаны әлеуметтік жоба ретінде ҰКП ұсынғанын, бірақ оны іске асыруға қатысты қиындықтар туындағанын түсіндірді. Бағдарламаның операторы – «Астана» АӨК-і.

2016 жылы бағдарлама алғаш іске асырылған жылы сауда жасауға арналған орындар комиссия шешімінің негізінде тегін берілген болатын. Қазір орын аукцион арқылы ұсынылады. Кәсіпкерлер тарапынан сұраныстың жоғары болуынан, бір сауда орнының бағасы аукционда 100 мың теңгеден бес-алты миллион теңгеге дейін, кейде тіпті 13 млн теңгеге дейін өсіп кетеді. Сонымен қатар жер телімдері жекеменшікке берілмейтінін, жер тек жерді пайдалану құқығы негізінде жеті жылға ғана беріледі.

«Басында кәсіпкерлер жалға алу құнын төлеу керек  болды, өйткені бұл жер жер кодексіне сәйкес  АӨК-ке тегін беріледі. Бірақ АӨК былтырдан бастап жерді аукцион арқылы сата бастады. Біз аптасына екі-үш рет сәулет органына барамыз, олар жерді сатуға қарсы. Олар жерді тегін беріп отырғанын айтады.  АӨК заңға сәйкес келісімшарт жасап, ақшасын алады, бірақ жауапкершілікті мойындарына алып отырған жоқ», – деп нақтылады ҰКП заңгері.

Осылайша, кәсіпкерлер үш рет төлем жасап отыр. Бірінші рет аукцион кезінде төлейді, кейін құжаттарды рәсімдеуге бөлек ақша төлейді.  Сонымен қатар жалға алу ақысын да төлеу керек. Мұның барлығы АӨК арқылы рәсімделеді.

Бірақ та бұл сауда орындарының проблемалары бастан асып жатыр. Бірінші проблема оның орналасқан орнына қатысты болса, екіншісі кәсіпкерлердің электр желісін тарту үшін АӨК, электржелілері компаниялар мен  ПИК арасында жүгіруіне байланысты болып отыр. ПИК электр желісін тарту үшін 10 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейінгі соманы сұрайды, ал бұл талаптар олардың қол қойған келісімшарттарына сәйкес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация  жасауға тиіс.

«Бір жарым жыл бойы АӨК бұл проблеманы шеше алмай отыр. Бізге Жеңіс даңғылының бойынан гүл сататын дүңгіршек берді.  Ол тура жаяу жүргіншілер жүретін жерде орналасқан. Учаскелік полиция қызметкері келіп бізді бірден алып тастады. Содан біз гүлзарға қарай жылжыдық. 2018 жылы дүңгіршекті жолдың арғы бетіне көшіруге рұқсат берді, бірақ ол жерде кіреберіс жоқ және артымызда жеке аумақ орналасқан. Енді жарықты қайдан тартатынымды білмеймін. Бұл мәселелердің барлығын АӨК шешуге тиіс, өйткені біз олардың қосалқы жалгерміз», – деп «Қоғамдық қабылдау» барысында гүл сататын дүңгіршек иесі мұңын шақты.

Былтырғы жылдың қыркүйегінде келісімшарт жасаған екінші кәсіпкер өзінің көкөніс сататын дүңгіршегін жабуға мәжбүр болған. Өйткені оның орналасқан жері Мұстафин көшесіндегі балалардың ойын алаңы болған. Басында жергілікті тұрғындар шағым жазып маза бермеген, одан кейін қыста дүңгіршек иесі «Жылутранзиттен» жазда тап осы жерде жөндеу жұмысы жүретіні туралы хат алған.

Кәсіпкер Құдайберді даңғылындағы 42-нші және 44-інші үй арасынан орын тауып, мекенжайды түзетуге АӨК-ке құжаттарын өткізген. Сәулет басқармасы қарсы болмаған, ал жер комиссиясы жаңа жер телімін беруді мақұлдамай, өтінішті қабылдамаған.

«Павильон тұр, оның есігін бұзып, тонап, алюминийді өткізуде. Пайда емес, тек шығын көріп отырмын», – деді кәсіпкер.

 Бұған мемлекеттік қызметтер ісі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысы жақында аудан әкімдері, «Астана» АӨК, ҰКП және кәсіпкерлердің қатысуымен жеке кездесу өткізіп, тағы осы мәселені қарастыратынын айтты.

«Егер біз шағымданатын болсақ, онда бұл ұзаққа созылып кетеді. Жаз бітіп, маусым аяқталып қалады. Жарық пен орынды анықтап алу үшін бір жарым ай ғана уақытымыз бар», – деп нақтылады ол.

Гүлназ Ермағанбетова, Ботагөз Омар