Әлем чемпионы тай-брейкте анықталады

797

Астанада шахматтан 2023 жылғы әлем чемпионы атағы үшін кездесу жалғасуда.

Әлем чемпионы тай-брейкте анықталады

29 сәуірде шахматтан әлем чемпионаты аясында ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящий мен қытайлық шахматшы Дин Лижэнь  соңғы, 14-ші партияны өткізіп, жеңімпазды анықтай алмады. 90-шы жүрістен кейін шахматшылар тең ойынға келісті. Партия алты жарым сағатқа созылды. Қорытынды есеп 7:7 болды.

Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионы атағы норвегиялық Магнус Карлсен әлем чемпионы атағын қороғаудан бас тартқаннан кейін бос қалды. Непомнящий  одан екі жыл бұрын шахмат тәжі үшін болған шайқаста жеңіліп қалған болатын. Ал Лижэнь тарихта мұндай деңгейге жеткен алғашқы Қытай өкілі болды.

Турнирдің жүлде қоры екі миллион долларды құрайды. Егер екі қатысушының біреуі 14-партияда жеңіске жетсе, ол осы соманың 60 пайызын алатын еді. Енді 17-ші әлем чемпионы атанатын бұл кездесудің жеңімпазы тай-брейктен кейін бас жүлденің 55 пайызын алады.

Осылайша, жаңа әлем чемпионы 30 сәуір, жексенбі күні тай-брейкте анықталады. Бұл жолы тай-брейк әдеттегідей емес: уақытты бақылаумен төрт ойын, әр ойынға 25 минут + әр жүрістен кейін 10 секунд. 4 партиядан кейін тең есеп болған жағдайда, әр ойынға 5 минуттан + әр жүрістен кейін 3 секундтан кейін уақытты бақылаумен тағы 2 партия ойналады. Егер одан кейін де жеңімпаз анықталмаса, сол партияда тағы 2 ойын ойналады. Алдыңғы сериядан кейін тең болған жағдайда, әр ойынға 3 минуттан + әр жүрістен кейін 2 секунд уақытты бақылаумен бір ойын өтеді. Тең түскен жағдайда қарсыластар фигуралардың түсін өзгертеді және олардың біреуі жеңгенше бір ойын ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу