Анна Данилина Аустралия чемпионатында жеңіліп қалды

578

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Анна Данилина Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Анна Данилина Аустралия чемпионатында жеңіліп қалды Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші словакиялық Виктория Грунчаковамен бірге алғашқы айналымда америкалықтар Каролин Долхаид - Пэйтон Стирнспен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық-словакиялық жұп тай-брейкте сәтті ойнады - 7:6 (7:3).

Бұдан кейін америкалық дуэт күш алып кетті - 6:4, 6:4.

Тартысты бәсеке сағат жарымдай уақытқа созылды.

Осылайша, Аустралия ашық чемпионатында Қазақстаннан Елена Рыбакина ғана қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу