"Барыс" жаңартылған бапкерлер құрамын ресми таныстырды

772

Бүгін, 19:30-да елордалық ұжым өз алаңында жаңа бапкердің жетекшілігімен алғашқы ойынын өткізеді.

"Барыс" жаңартылған бапкерлер құрамын ресми таныстырды Фото: Барыс ХК

Бүгін, 9 қазан қазақстандық хоккей клубы жаңартылған бапкерлер құрамын ресми түрде таныстырды. "Барыс" командасының бас бапкерінің міндетін атқарушы болып Ғалым Мәмбеталиев тағайындалды. Оның штабында Константин Пушкарев (бас бапкердің көмекшісі), Александр Высоцкий (шабуылшылардың жаттықтырушысы), Ерлан Сағымбаев (қорғаушылардың жаттықтырушысы), Александр Березенский (жалпы дене шынықтыру жаттықтырушысы) жұмыс істейтін болады.

Енді "Барыс" өз алаңындағы төрт матчтық сериясын "Трактормен" өтетін кездесумен ашады. Анвар Гатиятулин отставкаға кеткеннен кейін челябіліктер "Авангардты" сырт алаңда жеңді (4:1). Командаға жаңадан келген Чарльз Робинсон, Максим Шабанов, Сергей Калинин және Егор Попов гол соқты. Айта кету керек елордалық команданың бүгінгі қарсыласы "Трактордың" да бас бапкері ауысып, әзірге Алексей Заварухин бас бапкердің міндетін атқаруда. 16 матч өткізген "Трактордың" еншісінде 18 ұпай бар.

Жұма күні "Барыс" сырт алаңда "Витязьдан" овертаймда (2:3) ұтылып, қатарынан бесінші жеңіліске ұшырады. Понтус Оберг маусымдағы тоғызыншы голын соқты, Кирилл Савицкий тағы да көзге түсті. Осы жеңілістен кейін Андрей Скабелка "Астана" командасының бас бапкері қызметінен кетті.

15 матчтың қорытындысы бойынша қазақстандық команда қоржынында 11 ұпай бар. Бұған дейін "Барыс" пен "Трактор" жазда Қазан қаласында өткен маусым алдындағы TANECO Cup турнирі аясында кездескен болатын. Ол уақытта челябіліктер жеңімпаз атанды (2:1).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу