Елордада бодибилдингтен халықаралық іріктеу турнирі өтті

1614

54 елден келген атлеттер PRO карта жеңіп алу үшін бәсекеге түсті.  

Елордада бодибилдингтен халықаралық іріктеу турнирі өтті Фото: Iskakov Gaidar

Астанада бодибилдинг бойынша IFBB Pro/NPC Worldwide INVICTUS халықаралық іріктеу турнирі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

IFBB Pro/NPC Worldwide INVICTUS турнирінде барлығы 8 категория болды: Bodybuilding, Classic Physique, Women’s Physique, Fitness, Figure и Wellness, Men’s Physique, Bikini. Бұдан басқа Classic Physique Pro & Figure Pro санаттары бойынша PRO турнир өтті.

Бодибилдерлердің  діттеген мақсаты – Mr.Olympia халықаралық сайысында өнер көрсету.

IFBB PRO FIGURE және IFBB PRO CLASSIC PHYSIQUE жеңімпаздарына арналған сыйақы қоры бірдей. Мәселен, бірінші орын алғандарға 3 мың доллар берілсе, 2-орынға – 1500 доллар, 3-орын алғандар 500 долларға ие болды.

Mr.Olympia турниріне тікелей жолдаманы Classic Physique категориясында Дарын Ширбаев (Қазақстан), Figure PRO категориясында Кристина Боднарюк ұтып алды.

Іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша келесі атлеттер жеңіске жетті:

  • Jessie Mcphee – Women's Figure IFBB PRO
  • Shuai Ren  – Men's Classic Physique IFBB PRO
  • Eldos Kozybaev  – Men's Physique IFBB PRO
  • Vladislav Moshkin  – Men's Bodybuilding IFBB PRO
  • Tatiana Veber – Women's Bikini IFBB PRO
  • Alexandra Anufrieva – Women's Wellness IFBB PRO

Өз категориясы бойынша жеңіске жеткен қазақстандық атлет Дарын Ширбаевтың бұл салада жүргеніне бірнеше жыл болған.

"Қазақстанның бодибилдингтегі қазіргі деңгейін алып қарайтын болсақ, онда біз америкалық деңгейдің қажеттіліктеріне қарай жеткілікті қадам жасадық деуге келеді. Жалпы бұл спорт түрін қоғамда көбірек насихаттаған жөн. Өз басым жұмыс пен жаттығуларды қатар алып жүремін. Соның ішінде жаттығулар күніне 1,5 сағат уақытты алады. Бұдан бөлек тамақтану тәртібіне де мән берген жөн", - деді бодибилдер.

Мұндай турнир елімізде екінші рет өтіп отыр.

"NPC дегеніміз халықаралық турнир. Қазіргі таңда 200-ден астам атлет келіп отыр. Өткен жылғы турнирге қарағанда айырмашылығын айтатын болсақ, биыл тағы 2 Pro турнир қосылды. Оның жеңімпаздары тікелей Mr.Olympia-ға бара алады. Olympia кез келген спортшы үшін Олимпиада сияқты өте маңызды турнир. Барлық бодибилдинг атлеттері Pro карта алуға тырысады. Әр категорияда жеңген адамдарға Pro карта беріледі",  - деді INVICTUS фитнес компаниясының дамыту жөніндегі директоры Жасұлан Асанұлы.

Спикер еліміздің бұл спорт түріндегі әлеуетін жоғары бағалады. 

Айта кетейік, өткен турнирде PRO-карта жеңіп алған спортшылар қараша айында АҚШ-та болған Legion SportsFest кәсіби турниріне қатысты. Отандық атлет Дарын Ширбаев Classic Physique Pro категориясында өнер көрсетіп, үшінші орынды қанжығасына байлаған болатын.

Бұдан бөлек аталмыш тағы бір турнирде қазақстандық спортшы Bikini санатында Аиша Каипова қатысып, жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді. Ал Wellness категориясында Елена Сандаевская 5-орынға тұрақтаса, Figure санатында Татьяна Альтергот қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу