Қазақ тұлпары Дубайда өткен жарыста тағы да жүйрік атанды

1601

Al Maktoum Challenge турнирінің бірінші топтағы үздік аттар бәйгесінде Тілек Мұхамбетқалиевтің Кабирхан есімді сәйгүлігі мәре сызығын бірінші болып кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақ тұлпары Дубайда өткен жарыста тағы да жүйрік атанды Фото: БҚО Бәйге федерациясы

Бәйгеде 12 тұлпар бақ сынады.

Олардың қатарында былтырғы үздіктер Мими Какуши, Атлетико Эль Кулано, Клэптон, Фёрст Конститьюшен және Милитари Ло болған.

Осылайша, Кабирхан 1 млн доллар еншіледі.

Енді наурыз айында Дубайдағы бүкіләлемдік кубокте бақ сынайтын болады. Онда 7 млн доллар сыйлықақы уәде етілген.

Кабирхан – атақты Калифорния Хром атты сәйгүліктің ұрпағы. Әкесі Калифорния өз тарихында Дубай чемпионы болған тұлпар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу