Қазақстан құрамасы айқын басымдықпен жеңіске жетті

2157

Абат Айымбетов үшінші голды соғып, ойынның нүктесін қойды.

Қазақстан құрамасы айқын басымдықпен жеңіске жетті Фото: aqorda.kz

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысындағы кездесуде Қазақстан құрамасы Сан-Маринодан басым түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық құрамаға қолдау білдіру үшін Қасым-Жомарт Тоқаев пен даңқты спортшылар, спорт ардагерлері мен мәдениет қайраткерлері де келді.

Олардың қатарында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген, кіші футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикарду Фигейра Силва (Кака), футбол ардагерлері Михаил Гурман мен Вахид Масудов, бапкер Дмитрий Огай, олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин және тағы басқалары бар.

Ойында алғаш болып Қазақстан есеп ашты. 19-минутта Ислам Чесноков гол салып, ұлттық құраманы алға шығарды. Ойынның екінші жартысында, яғни 51-минутта Ислам Чесноков есепті еселеді.

Ал 60-минутта Сан-Марино ойыншысы Симоне Франчози есеп айырмасын қысқартты.

90+1-минутта Абат Айымбетов құрамаға жеңіс голын сыйлады. 


Осылайша, Қазақстан құрамасы қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу