Марк Реншоу: "Біз дұрыс бағыттамыз"

465

Astana Qazaqstan Team спорт директоры Марк Реншоу  "Даун Андер Туры" бойынша есеп берді.

Марк Реншоу: "Біз дұрыс бағыттамыз" Фото: @SprintCycling

1999 жылдан бері өтіп келе жатқан бұл жарыс жылдың басындағы алғашқы ірі сайыстың бірі. Оған қазақстандық команда қатысып, өз бағын сынап көрді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Осы сайысқа қойған мақсаттарымызды орындай алмасақ та, біз келесі жарыстарға жақсы дайындықпен бара жатырмыз деп айта аламын. Біздің үш шабандозымыз үшінші кезеңде үлкен жылдамдықпен келіп қақтығысқа ұшырады. Сәттілік серік болмағанының салдары шығар деп ойлаймын. Ауырып, жарыстан шығып кеткенге дейін Макс Кантера Рюдигер Зелигпен бірге тамаша өнер көрсетті. Бұл екі шабандоз спринтерлік жұп құрайтын секілді. Кристиан Скарони иығындағы жарақатқа қарамастан жарыстың көщбасшыларымен бірге алғашқы ондықта келді. Бұл біздің команда үшін позитивті жағдай", — деді спорт директор Марк Реншоу.

"Астана" шабандозы Макс Кантер басты есепте 10 орынды қорытындылады. Жас шабандозымыз үшін бұл тамаша көрсеткіш десек те болады.

"Енді келесі аптада Аустралиядағы кезекті жарысқы дайындаламыз. Ал өзіме келетін болсам Стефано Занинимен бірге спорт директоры қызметінде алғашқы аптаны сәтті өткіздім. Өзімді ешқашан велоспорттан кетпеген адам іспетті сезіндім. Маған спорт директоры қызметі өте ыңғайлы екенін де осы жерде анық аңғардым", — деді Марк Реншоу.

Айта кетейік, "Астана" командасы Аустралия жерінде тағы бір сайысқа қатысады да, одан ары қарай өзге мемлекеттерге бара бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу