Недовесов әлемнің 45-ракеткасы атанды

1013

ATP және WTA қауымдастықтары жаңартылған әлемдік рейтингіні жариялады.

Недовесов әлемнің 45-ракеткасы атанды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Бастад (Швеция) ATP 250 турнирінің чемпионы атанып, жеке рекордын жаңартты. Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі мәлім етті. Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге финалда португалиялық Франсишку Кабраль – бразилиялық Рафаэль Матоспен бас жүлде үшін сынға түсті. Недовесов пен Эскобар екі сетте де 6:2, 6:2 есебімен басымдылық танытты. Осылайша, Александр өз спорттық жолында алғаш рет ATP 250 жарысының жеңімпазы болды. Бұған дейін ол төрт мәрте финалға шығып, бәрінде жеңіліс тапқан еді.

Айта кетейік, кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингін жария етті. Жұптық сында алғаш рет ATP 250 турнирінің чемпионы атанған Александр Недовесов 53-тен 8 саты жоғарылап, әлемнің 45-ракеткасы атанды. Бұл – оның үздік көрсеткіші. Недовесов осыған дейін 48-орыннан аса алмап еді.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 27-ден 26-орынға көтерілді. Тимофей Скатов 134-тен 136-ға, Михаил Кукушкин 223-тен 229-ға, Бейбіт Жұқаев 242-ден 270-ке төмендеді.

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады. Үздік үштік өзгеріссіз қалған: бірінші орында польшалық Ига Швёнтек, одан кейін беларус Арина Соболенко және Қазақстан өкілі Елена Рыбакина. Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева екі орын жоғары көтеріліп, 58-орынға жайғасты. Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина 25-орында, Рыбакина – 107. Жібек Құламбаева жеті орын жоғарылап, 179-орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу