Пәтерді өз бетінше сатуға арналған 5 кеңес

19515

Жылжымайтын мүлік сатумен айналысып жүрген тәжірибелі мамандардың сөзіне сенсек, кез келген пәтерді сатуға болады, тек оны дұрыс сата білу керек.

Пәтерді өз бетінше сатуға арналған 5 кеңес

Пәтер сатушылардың барлығы бірдей риелтордың көмегіне сүйене бергісі келмейді. Егер сатушы сауатты және оның бос уақыты болса, онда процесті өзі атқара алады. 

Хабарландыру бойынша жиі телефон шалып, бірақ әңгіме телефонмен сөйлесуден әріге бармаса не істеуге болады? Немесе пәтерді аптасына бірнеше рет көрсетесің, алайда барлық ықтимал сатып алушылар ақыр соңында хабарсыз кетсе ше? Егер сіздің тырысқаныңыздан ештеңе шықпаса, онда нені дұрыстау керек екенін ойлану керек.

Алдымен, алаңдау үшін сатылым басталғаннан кейін, қанша уақыт өту керек екенін анықтап алайық.

"Жылжымайтын мүлік нысаны бағаланып, жарнама науқаны дұрыс жүргізілгеннен кейін, сатылу мерзімі орташа есеппен 1 ай болады, – дейді Қарағанды қаласындағы орталық жылжымайтын мүлік агенттігі риелторы Ольга Качкан. —Егер тез сату керек болса, онда мұндай нысандарға қатысты бағаны айтарлықтай түсіру керек. Сату мерзіміне нысанның өтімділігі және оның бағасы сияқты екі фактор әсер етеді".

Сонымен егер 1-1,5 ай өткеннен кейін, бірде-бір әлеуетті сатып алушы келмесе, онда сіз бір нәрсені дұрыс жасамай жүрсіз деген сөз. Ал егер сатып алушы 3 айдан кейін де келмесе, онда сіз сатумен мүлдем айналыспай жүрсіз. Не істеу керек? Ең бірінші, мұның себептерін анықтап алып, оларды төмендегі нұсқаулық бойынша жоюға тырысу қажет.

1. Тиімді жарнама науқанын ұйымдастырыңыз

"Жарнама – сауданы қозғаушы күш" деп тегін айтпаса керек. Мәселен, сіз бір-екі сайтқа хабарландыру беріп, күтіп отырсыз делік. Ал хабарландыру бойынша ешкім хабарласпаса, онда сіздің хабарландыруыңыз баяғыда тізімнің соңына түсіп, көрінбей қалған деген сөз.

Мысалы, жылжымайтын мүлік туралы kn.kz порталында сату жайлы хабарландыруды жоғары көтеріп, көрнекті етуге болады. "Хабарландыруды көтеру", "Премиум-хабарландыру" сияқты сервистер сіздің хабарландыруыңызды тізімнің басына шығарып, қаралу санын орташа есеппен тәулігіне таңдаған сервисіңізге қарай 50-100-ге жеткізуге мүмкіндік береді. "Арнайы ұсыныс" опциясының арқасында сіздің сайтыңызға немесе хабарландыру бетіне сілтемесі бар жарнамалық блок жасауға болады. Ол тұрақты жарнамалардың оң жағына, жеке орналасады.

"Жеке тұлғада болсын, жылжымайтын мүлік агенттігінде болсын жарнамаға арналған алаң біреу, – дейді риелтор Ольга Качкан. — Риелтор неге тез сатады? Шындығына келер болсақ, адам хабарландыруды өзі бергенде, ол қарапайым хабарландыру береді. Ал біз агенттікте нысандарды ондыққа қою, жылдам сату сияқты ақылы ресурстарды пайдаланамыз. Компанияның жазылушысы көп инстагармдағы парақшасында жақсы жарнамалық науқан жасаймыз. Тиісінше клиенттер ағыны да көп болады".

2. Хабарландырудың мәтінін тартымды етіп құрыңыз

Хабарланыдыру мәтінін құрған кезде сатылатын нысанның кемшіліктерінен гөрі артықшылықтарына баса мән беріңіз. Мысалы, егер сіздің үйіңізден таяқ астам жерде саябақ немесе ірі сауда орталығы болса, соны жазыңыз. Жақын маңда орналасқан әлеуметтік нысанның бәрін тізіп шығуды ұмытпаңыз. Сондай-ақ тұрақ туралы айтуды да естен шығармау керек.

Көзге бірден түсетін жақсы тақырып ойлап табыңыз. Бұл баспананың параметрін тізіп шыққаннан жақсы. "5 қабатты үйдің 4-қабатында орналасқан 100 ш.м болатын, 3 бөлмелі пәтер сатылады" деген хабарландырудан гөрі "Саябақ аумағында орналасқан, күнгей беттегі 3 бөлмелі пәтер сатылады" деген тартымды болатыны, сөзсіз.

Алайда теңеуді шектен тыс қолданбаңыз. Хабарландыру мәтіні артық сөзсіз, қысқа болу керек. Терезеден көрінетін көріністі сипаттаған мәтіннің орнына нақты екі-үш сөз тиімді болады.

Хабарландыруды нақты жазыңыз. Мәселен, "аялдамаға дейін 5 минут қана жүресіз" дегеннің орнына "пәтер өте жақсы жерде орналасқан" деп жазсаңыз, қате болады.

Кейде хабарландыру бойынша қоңырау шалмауға, суреттердің сапасыз болуы себеп болады. Мұны дұрыстауға болады.

Сонымен қатар мәтінде сізге пәтерді көрсету мен хабарландыру бойынша сұрақтарға жауап беру қай уақытта ыңғайлы екенін жазуға болады.

3. Клиенттермен дұрыс диалог құрыңыз

Егер сіз хабарландыруды сауатты жазып, "дұрыс" жерге орналастырсаңыз, ықтимал сатып алушылар міндетті түрде хабарласады. Алғаш рет телефонмен сөйлескенде, кейін саудаласқанда және келісімді егжей-тегжей  талқылауға көмектесетін құрылымды диалог орнатыңыз.

Хабарландыруда жазылған ақпаратты сан рет қайталау керек болатынына дайын болып, шыдамдылық танытыңыз. Адамдар жарнамада үнемі нақты ақпарат беріле бермейтінін жақсы біледі, сондықтан босқа уақыттарын жоғалтпауға тырысады.

Сондай-ақ пәтерді сатудың себебі және қаншалықты жылдам сатқыңыз келетіні, басқа пәтер сатып алу ойыңыз туралы сұрақтардың еш әбестігі жоқ. Көбінесе бұл сатып алушыларға хабарландыруда көрсетілген бағаның сіз үшін қаншалықты маңызды екенін бағалауға мүмкіндік береді. Егер сіз басқа пәтер сатып алатын болсаңыз, бағаның да айтарлықтай түспейтіні түсінікті. Нысанды көргеннен кейін сөйлесейік деп, телефон арқылы саудаласудан аулақ болыңыз.

Сұрақтарға жауап бергенде, пәтеріңіздің барлық артықшылығы мен кемшілігін ескеріп, шынайы жауап беріңіз. 

4. Көрсеткеннен кейін кері байланыс орнатыңыз

Пәтерді көруге келіп, бірақ оны ешкім сатып алмаса, не істеу керек?  Мұндай жағдайда кері байланыс орнату маңызды. Мұның себебін сатып алушыдан тікелей сұраған дұрыс. Тап осы нысаннан бас тартуының себебі не екенін анықтау керек. 

Пәтерді көрсеткеннен кейін, 1-2 күннен кейін сатып алушыға міндетті түрде өзіңіз телефон шалып, оларға пәтер ұнаған-ұнамағанын сұраңыз. Егер жоқ десе, себебін біліңіз. Кейбіреуі сыпайылық танытып немесе сізді ренжітіп алмас үшін себебін айтпауы мүмкін. Бірақ та көбісі жауап береді. Егер бағасы тым қымбат десе, онда қандай бағаға сатып алғылары келетінін сұраңыз. Ондай бағаға не себеп болғанын да біліңіз.

Бұл жерде келіссөз жүргізе білу керек. Мысалы, клиент пәтердің балконы болмағандықтан, алғысы келгенін айтты делік. Алайда ол пәтерді көруге келген кезде оның балконы жоқ екенін жақсы білді ғой. Яғни мәселе балконда емес. "Тап осындай пәтерді балконы бар болса алар ма едіңіз?" деп сұрауға болады. Жауабын тыңдап көріңіз, сонда бас тартудың нақты себебін білесіз.

Телефон арқылы сөйлескенде, сұрақтарға ғана жауап бермей, пайдалы ақпарат жинап та үлгеріңіз. Яғни онда кім тұратынын, қандай параметрі бар баспана қызықтыратынын, сұраңыз. Бұл сізге "пәтеріңізді" лайықты жағынан көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар сатып алушының пәтер іздегеніне қанша болғанын да білу артық болмайды. Бұл шешім қабылдау мен келісім жасаудың белгілі бір немесе басқа мерзімін ұстау қажеттігі жайлы қорытынды жасауға көмектеседі.

Әрине, төлем жасаудың жолын да, яғни ипотека бола ма біліп алған жөн. Өйткені сатып алушының ұсынысы сіз үшін тиімді болмауы мүмкін.

Қалай болғанда да, әрбір соғылған қоңырау – уақыт жоғалту емес, сізді мақсатқа бір табан жақындату деген сөз.

5. Түзетулер енгізу

Балкон салып тастамайтыныңыз анық, сондықтан өз сатып алушыңызды күтуге тура келеді. Алайда реттеуге болатын кемшіліктер болады. Көп ақша салмай-ақ, жөндеу жұмыстарын жаңартуға, ескі түсқағаздарды, розетка мен ажыратқыштарды айырбастауға болады.

Егер бұрын ипотекадан бас тартқан болсаңыз, онда қайта ойланып көріңіз. Бүгінгі күні банктер қарыз беруді рәсімдеуді жеңілдетуге тырысуда.

Қорыта келе айтарымыз, басты нәтижеге қол жеткізу үшін сатып алушының ыңғайына көніп, шартты өзгертуге дайын болыңыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу