Рыбакина жұптық сында Madrid Open турнирінің 1/8 финалына шықты

779

Қазақстандық теннисшілер Мадридтегі турнирде жекелей сындағы өнерлерін аяқтады.

Рыбакина жұптық сында Madrid Open турнирінің 1/8 финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте жетінші орында тұрған Елена Рыбакина Мадридте (Испания) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде жекелей сында бірінші кездесуін сәтсіз өткізді. Рыбакина екінші айналымда әлемнің 62-ракеткасы ресейлік Анна Калинскаядан күтпеген жерден жеңіліп қалды. Қорытынды есеп 5:7, 6:4, 2:6. Кездесу 2 сағат 15 минутқа созылды. Елена ойын барысында 10 эйс жасап, төрт рет қос қате жіберді. Ал кездесудің жеңімпазы Калинская келесі матчта Лаура Зигемундты (Германия) жеңген хорватиялық теннисші Петра Мартичпен сынға түседі.

Дегенммен Рыбакина жұптық сайыста сәтті өнер көрсетуде. Ол ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге жапониялық теннисшілер дуэті Сюко Аояма/Ена Шибахараны тізе бүктірді. Екі сетте Рыбакина мен оның серіктесі қарсыластарына бір ғана гейм жасауға мүмкіндік беріп, 6:0, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесу небәрі 59 минутқа созылды. Ал бүгін елорда уақытымен 20:40-та қазақстандық-ресейлік теннисшілер жұбы Madrid Open турнирінің 1/8 финалында Елена Рьюз/Марта Костюкке қарсы кортқа шығады.

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Мадридте әлемнің жетінші ракеткасы, даниялық Хольгер Рунеден жеңіліп қалды - 1:6, 6:4, 6:7 (9:11). Матч екі сағат бес минутқа созылды.

Юлия Путинцева да екінші айналымда әлемнің бесінші ракеткасы француз Каролин Гарсиядан 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Жұптық турнирде Анна Данилина Тимеа Бабоспен (Венгрия) дуэтте тартысты матчта Марта Костюк (Украина) / Елена Рузеден (Румыния) 4:6, 6:4, 10:12 есебімен жеңіліп қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу