RU KZ
TV
RU KZ
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38 Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33 KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
Ауа райы:
-1Астана
-0.23Алматы
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38
Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33
KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
Сингапур тәжірибесі қызықтырады

Сингапур тәжірибесі қызықтырады

Ұлы Жібек жолының қайта жандануы аясында сингапурлық компаниялар Қазақстандағы инфрақұрлымдық жобаларға қызығушылық танытып отыр.

Сингапур тәжірибесі қызықтырады, Сингапур, бизнес, ынтымақтастық, инвестиция, Бір белдеу-бір жол, инфрақұрылым, сауда, экономика

1410 11 Желтоқсан 2018 14:18 Автор: Күлпаш Қоңырова

Сингапур бизнесмендері әріден ойлап, 10-15 жылдан кейін «жеміс» беретін болашағы зор инфрақұрылымдық жобаларға қаражат салғанды жөн санайды. Олар сондықтан да Ұлы Жібек жолының жандануымен байланысты инфрақұрылымдық жобаларға қызығушылық білдіріп отыр деп Қазақстанның Сингапурдағы елшісі Үсен Сүлеймен Астанада екі ел арасындағы ынтымақтастықтың келешегіне арналған брифингте атап өтті.

Қазақстандық дипломат мұндай қызығушылықтың бірнеше себебін атап кетті.

«Бұл елдің билігі мен бизнесі сындарлы. Олар өздерінің әр қадамын есептеп, әлемнің түкпір-түкпіріндегі әртүрлі жобаларға салған ақшаларының әр тиынын санап отырады. Олар саяси және экономикалық тәуекелдердің барлығына мән береді. Бүгінгі таңда сингапурлық бизнестің назары Орталық Азияға ауып отыр», – деп атап кетті Үсен Сүлеймен.

Ақ үй басшысы Дональд Трамптың АҚШ-ты Транстынықмұхит серіктестігінен шығару туралы шешімі - мұндай қызығушылық танытудың бір себебі болып отыр. Азия-Тынықмұхит өңірінің 12 елі ішінде Сингапурдың бар екені белгілі. Екінші себеп – бұл Қытайдың өңірлік серіктестігі одағын құру туралы мәлімдеме жасап, осыған қатысты «Бір белдеу, бір жол» жобасын іске асыру бастамасымен байланысты.

«Сингапур өз тауарларын Еуропаға тек теңіз арқылы ғана емес, сондай-ақ тап осы «Бір белдеу, бір жол» жобасы барысында құрлық арқылы жеткізу мүмкіндігін қарастыруда. Әзірге сингапурлық экспорттың 90 пайызға жуығы Еуропаға теңіз арқылы жеткізіліп отыр. Соңғы жылдары Қытайдан Қазақстан арқылы контейнерлік жеткізу көлемі төрт есе өскен. Сингапурлық инвесторлардың Ұлы Жібек жолының жандануымен Қазақстан аумағындағы инфрақұрылымдық жобаларға қызығушылық танытуы осыдан туындап отыр. Бұл біз үшін үлкен көмек болуы мүмкін», – деді дипломат.

Ол жақында Сингапурда өткен АСЕАН саммиті де екі ел арасындағы ынтымақтастық келешегіне үлесін қосқанын айтты. Саммит барысында қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және Сингапур арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум өзарасаудадағы жаңа белгіні білдіреді.

«Осыған дейін ЕАЭО Вьетнаммен еркін сауда аумағы туралы келісім жасаған болатын. ЕАЭО мүшесі болып отырған Қазақстан осы құжаттың негізінде сонау Хошиминға бидай мен арақ жеткізіп отыр. Енді Сингапур да ЕАЭО-мен осындай келісім жасамақ. Құжаттарға келер жылдың басында қол қойылуға тиіс. Ал бұл дегенің қазақстандық бизнеске жаңа нарықтар ашылады деген сөз», – деп атап кетті Үсен Сүлеймен.

Сонымен қатар елші еліміз тәуелсіздіктің алғашқы күнінен-ақ заманауи Сингапурдың негізін қалаған бірінші премьер-министр Ли Куан Ю-дың алғашқы сапарынан кейін, осы елдің тәжірибесіне аса үлкен қызығушылық танытқанын атап кетті. Дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл өткеніне қарамастан, Сингапурдың жаңа жетістіктері біз үшін өте маңызды және өзекті болып қала бермек.

Дипломаттың ойынша, бүгінгі күні біз үшін логистика, жоғары технологиялар, тұрғын үй құрылысы және білім беру неғұрлым маңызды перспективалық бағыт бола алады.

«Сингапурдан әлемнің 400 қаласына тікелей әуе рейсі бар. Көлемі шағын елдің әуежайы жыл сайын 60 млн адамға қызмет көрсетеді. Өз өңірімізде тап осындай әуе хабын құру үшін бізге олардың тәжірибесі өте маңызды. Ал Сингапурдың теңіз порты әлемдегі ең ірі порт ретінде танылған. 2017 жылы әлемдегі ауыстырылып тиелген контейнерлік жүктердің 1/7-і осы портқа тиесілі болған. Осы тәжірибені Ұлы Жібек жолының маңызды бекеттері болатын Қорғас құрғақ порты мен Каспийдегі Ақтау теңіз портындағы жұмыстарды жақсы ұйымдастыру үшін қолдана аламыз», – деді Сүлеймен.

Ал тұрғын үй қатынастары саласындағы ынтымақтастық жайына келер болсақ, онда Сингапур билігі «Бірінші экономика, содан кейін саясат» деген ұстанымды о бастан қабылдағанын айту керек. Бұл жерде мемлекеттік бағдарламаның арқасында халықтың 90 пайызының өз баспанасы бар.

«Бұл елдің жұмыс істейтін әрбір тұрғынының жалақысынан ипотека бойынша міндетті төлеуге 17 пайыз ұстап қалынады. Баспананың 20 пайызын мемлекет өз мойнына алған. Сонымен қатар әр 20 жыл сайын бұл елдің азаматтары өз баспаналарын жаңарта алады. Егер жас отбасы екі бөлмелі пәтер алған болса, онда 20 жылдан кейін балалар өсіп, пәтер тарлық еткенде басқа кең пәтер сатып ала алады. Осылайша олар өз пәтерлерін бес рет жаңарта алады. Бұл жердегі бағдарламалар мен мөлшерлемелер, шарттар жеңіл. Сондықтан 7/15/25 бағдарламамызды іске асыруда Сингапурдың тәжірибесі пайдалы бола алады», – деді елші.

Сингапурдың жоғары технологияларын Қазақстанда да енгізуге болады. Бұл елде көптеген өндірістік үдерістер баяғыда сәтімен роботталып жатыр. Бұл елде ДНК нәтижесін әлемнің басқа жерлеріндегідей бір айдан кейін емес, үш күн ішінде алуға болады.

«Сингапур мұнай мен газымызды ғана сатып алуға қызығушылық білдіріп отырған жоқ. Сонымен қатар олар органикалық азық-түлік, ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатып алғылары келеді. Тап осы мақсатты іске асыру үшін екі маңызды құжат: Қазақстан азаматтары үшін визасыз режимді енгізу және инвестицияларды өзара қорғау мен көтермелеу туралы келісім дайындалып жатыр», – деп атап кетті Сүлеймен.

Бүгінде тауар айналымының өсіп келе жатқанына қарамастан, әлі де айтарлықтай емес. Қазақстандық тараптың ресми мәліметі бойынша, 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегінде екі жақты сауда айналымы 402,9 млн АҚШ долларын құраған, бұл былтырғы жылдың осындай кезеңіндегі деңгейден 5,5 есе жоғары. Тап осы кезеңде Қазақстанның экспорты сегіз есе өсіп, 372,6 млн АҚШ долларына жеткен.

Брифинг барысында елші Қазақстанның Жаңа Зеландиямен ынтымақтастығына да тоқталды. Биылғы жылдың қазан айының соңында елші Веллингтон және Окленд сияқты қалаларға барып, олардың ауыл шаруашылығын дамыту деңгейімен танысқан.

«Әлемге танымал жаңазеландиялық «Фонтера» компаниясының мүмкіндігімен толық таныстым. Өкінішке орай, олар Астанада кеңселерін ашу үшін елімізбен не саяси және бизнес байланыстары жоқ екенін мойындап отыр. Олар өз бренді бойынша жұмыс істейтін БК құруды жоспарлап отыр», –деді елші.

Елші жеті миллион латифундист өздерінің 250 млн отандасын асырап отырған АҚШ-ты мысалға келтірді. Қазақстандық ірі бизнес өкілдеріне ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде дамытып, содан кейін өз өнімдерімен әлемнің басқа елдерінің нарығына кіру үшін осы латифундистерден үлгі алуға болады.

Үсен Сүлеймен ауылшаруашылық компанияларын қолдау үшін тиімді заңанама жасалып, алдыңғы қатарлы технологиялар енгізілген Жаңа Зеландияның тәжірибесі Қазақстан үшін аса пайдалы болуы мүмкін деп есептейді.

Оның айтуынша, Жаңа Зеландияның сыртқы істер министрлігі 2019 жылдың 12-15 маусымында өтетін халықаралық «Fieldays» конференциясына қатысу үшін қазақстандық компанияларға шақырту жіберген. Конференцияда Жаңа Зеландияның өнеркәсіптегі қол жеткізген жетістіктерін және ауылшаруашылық технологиялары мен инновацияларын ұсынылады.

«Бизнесті қалыптастыру үшін қазақстандық компаниялар мен бизнесмендер бұл шараға қатысу үшін Жаңа Зеландиядағы елшілігімізге өтініш бере алады», – деп түйіндеді Үсен Сүлеймен.

Күлпаш Қоңырова

Тегтер:

Аbctv.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Жаңалықтарға жазылу:

OK