20 жыл бұрын тоқтап қалған өндіріс қайта іске қосылады

1015

20 жыл бұрын тоқтап қалған өндіріс қайта іске қосылады

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы кен байыту комбинаты қайта іске қосылатын болды, деп хабарлайды khabar.kz.

Бұл зауытта бұрын тантал, лития және ниобия сияқты өте сирек кездесетін металдар өңделген. Алайда 20 жыл бұрын өндіріс тоқтап қалған еді. Басты жұмыс көзі жойылған соң Асубұлақ кентіндегі тұрғындар жан-жаққа көшуге мәжбүр болған. Енді комбинатқа жаңа инвестор келіп, геологиялық-барлау жұмыстарын бастап кетті.

Комбинатты қайта жарақтау үшін алғашқы кезеңде 80 миллион теңге жұмсады. Жуырда мемлекеттен 2 миллиард теңге несие алу жөнінде келісім жасалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу