Асқазанның көлемін кішірейтуге бағытталған бариатрикалық ота жасалды

1522

Асқазанның көлемін кішірейтуге бағытталған бариатрикалық ота жасалды

Шымкентте Кореядан келген хирург, профессор Йонгджин Ким артық салмақтан арылуға арналған кезекті ота жасады. Пышақтың көмегіне жүгінбейтін бұл операция түрі – бариатрикалық ота деп аталады, деп хабарлайды shymkenttv.kz.

Артық салмақтан  арылу отасын Оңтүстікте осыдан бірнеше күн бұрын Литвадан келген дәрігер іске асырған еді. Алайда, литвалық хирургтің  бұл саладағы  тәжірибесі әлдеқайда молырақ. Салыстармалы түрде, ол 2500 рет ота жасаса, кореялық Ким Йонгджин 10 жыл ішінде 1500 рет жасаған.

"Мұндай операцияны біздің дәрігерлер енді үйренуде. Егер, курстан толық өтсе, жүйеге енгіземіз", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев.

Қазақстанда 4 млн-нан аса адам семіздікпен ауырса, соның 20 пайызы Оңтүстік өңірінің  тұрғындары. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Оңтүстік Кореяның Сучонхян клиникасы арасындағы меморандум нәтижесінде күнгей  хирург-дәрігерлері өз тәжірбибесін шыңдап, артық салмақтан арылту отасын заңды түрде  жасайтын болады.

Бұдан бұрын семіздік ауруына байланысты Қазақстан бариатрикалық және метаболикалық хирургтар қоғамының президенті, жоғары санатты хирург-дәрігер Орал Оспанов "семіздікті қой көтереді, адам көтермейді" деген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу