Астана әкімдігі үйден шықпауға кеңес береді

897

Астана әкімдігі үйден шықпауға кеңес береді

Астана әкімдігі ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын абай болуға шақырады. 

"Мүмкіндігінше үйден шықпауға кеңес береміз. Бұрқасын жел болған жағдайда, далада қалған болсаңыз, қауіпсіздік шараларын сақтауларыңыз қажет. Атап айтқанда, құрылыс алаңдарынан ары жүріп, жарнама ілінген тақталардан сақтанып, электр сымдары мен ағаштардан айналып өтулеріңізді сұраймыз",- деп ескертеді әкімдіктен.

Төтенше жағдайлар департаменті кез-келген жағдайда 112 нөміріне хабарласуын сұрайды.

Дәл қазір қаладағы барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу