Астанада "Қазақстандық өнім жасаймыз" форумы өтіп жатыр

930

Астанада "Қазақстандық өнім жасаймыз" форумы өтіп жатыр

Астанада тау-кен металлургиялық саладағы 70-тен аса отандық жеткізуші компанияның басын қосқан "Қазақстандық өнім жасаймыз" форумы өтуде. Іс-шараны инвестициялар және даму министрлігі,бірқатар компаниялардың қолдауымен ұйымдастырып отыр. Форум бірінші кезекте, шетелдік және отандық тауар өндірушілері арасында ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, энергия тиімділігін ұлғайту және жеткізілетін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге арналған жаңа шешімдер қабылдап, тың жобалармен таныстыруға жол ашады.

Айта кетейік, тау-кен металлургиялық кешені Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілетті және қарқынды дамып келе жатқан секторларының бірі болып табылады. Осы өнеркәсіп саласында 100-ге тарта ірі және орта кәсіпорын қызметін жүргізуде.

Алик Айдарбаев, ҚР инвестициялар және даму жөніндегі бірінші вице-министрі:

"Аталған кәсіпорындар көлік жасау, химиялық және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру сынды салалардағы әлеуетті жеткізушілерді едәуір тапсырыс көлемімен қамтамасыз етеді. Мәселен, тау-кен кешеніндегі жер қойнауын пайдаланушылар және жүйе түзуші кәсіпорындар отандық өндірушілерден 995,7 млрд теңгеге тең сомаға тауар мен жұмыстарды,  қызметтерді сатып алған. Бұл жалпы сатып алудың 43,5%-ын құрайды".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу