Дамаск Астанадағы келіссөзге дайын, ешқандай шектеу жоқ – Башар Асад

876

Дамаск Астанадағы келіссөзге дайын, ешқандай шектеу жоқ – Башар Асад

Сирия президенті Башар Асад ел үкіметі Астанада өтетін келіссөзге қатысуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды САНА агенттігі.
"Әрине, біз дайынбыз, келіссөздің күні белгіленген соң конференцияға аттануға әзір екенін мәлім етіп қойдық. Біз кез келген сұрақты талқылауға дайынбыз, ешқандай шектеу жоқ", – деді президент француз тілшілеріне берген сұхбатында.

Башар Асад келіссөзде оппозиция атынан кімнің қатысатындығы туралы әзірше білмейтіндігін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу