Данияр Ақышев: DeltaBankтің кетуі жүйеге айтарлықтай қауіпті емес

612

Данияр Ақышев: DeltaBankтің кетуі жүйеге айтарлықтай қауіпті емес

"DeltaBank" осы қаржы институтының акционері Нұрлан Тілеубаевтың жеке "әмияны" болған. Лицензиясынан айырылған банк туралы Ұлттық банк төрағасы осылай деді, деп хабарлайды astanatv.kz.
Данияр Ақышевтың айтуынша, "DeltaBank" аса ірі банк қатарына жатпайды. Соған қарамастан қысқа мерзімде квазимемлекеттік сектордан біраз ақша тартып үлгерген. Банкте жеке тұлғалардың өз қаражатын көп сақтамағаны да дұрыс болған екен. Сондай-ақ "DeltaBank" монобизнеске айналған. Қаржы портфелінің басым бөлігі ауыл шаруашылығымен байланысты болған. 
"Банк тәуекелдерді бағалау жүйесін құру талабын орындамады. Тек акционердің бизнесі мен оған қатысты жобаларды ғана қаржыландырып келген. Егер мұндай қаржыландыру акционердің өз қаражаты есебінен жүргізілсе, әңгіме бөлек. Бірақ банк квазимемлекеттік сектордан қаражат тартты. Тиісті міндеттемелерге сәйкес ақы төлеу уақыты келгенде, қаржы ешқандай қатаң кепілдіксіз қарызға берілді. Несие бойынша төлемдер мүлде болмаған", - дейді Ұлттық банк төрағасы. 
Бас банкирдің мәліметінше, қаржы институтында активтердің қалмағаны түсінікті болған соң, банктің лицензиясын қайтарып алу туралы шешім қабылданған. 
"Акционер Ұлттық банк алдындағы міндеттерін орындауға ниет танытпады. Сондай-ақ, DeltaBankтің кетуі жүйеге айтарлықтай қауіпті емес, бұл банк онсыз да биржа, қаржы және валюта нарығынан әлдеқашан шеттетілген еді", - дейді Ақышев капиталға берген сұқбатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу