Данияр Ақышев: Шетел валютасындағы салымдар 10 пайызға қысқарды

406

Данияр Ақышев: Шетел валютасындағы салымдар 10 пайызға қысқарды

Валюта нарығындағы ахуал тұрақты. 2017 жылғы 11 айда теңге номиналдық көрсетуде 0,6%-ға нығайды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев ҚР үкіметінің селекторлық режимдегі отырысында айтты, деп хабарлайды nationalbank.kz.

Ұлттық банктің алтынвалюта резервтері алдын ала дерек бойынша 11 айда 6,4%-ға- 31,4 млрд АҚШ долларына дейін өсті. 
"Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 57 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы халықаралық резервтер 88,4 млрд АҚШ долларын құрады", - деді қаржы реттеушісінің басшысы. 
Сонымен бірге, Данияр Ақышев депозиттер көлемінің жай-күйі туралы айтып берді: "Депозиттер көлемі жыл басынан бері валюталық депозиттердің нақты әкетілуі есебінен 0,6%-ға төмендеп, қазанның соңында 18 трлн теңге болды. Шетел валютасындағы салымдар 10%-ға қысқарды, ал теңгемен салымдар 11%-ға ұлғайды. Нәтижесінде шетел валютасындағы салымдардың үлесі 2016 жылғы қаңтармен салыстырғанда 49,4%-ға дейін төмендеді". 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу