Елордалық оқушылар ҚХР-да өткен олимпиадада 4 алтын медаль иеленді

968

Елордалық оқушылар ҚХР-да өткен олимпиадада 4 алтын медаль иеленді

Елордалық оқушылар ҚХР-да өткен олимпиадада 4 алтын медаль ұтты, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Бүгін математикадан XVII Батыс-Қытай олимпиадасының жабылу салтанаты өтті. Аталмыш олимпиада 11-16 тамыз аралығында ҚХР, Сычуань елді мекеніне қарасты Наньчун қаласында өтті. 
Олимпиадаға Қытай, Индонезия, Филиппин, Сингапур және Қазақстан елдерінен 345 жас математик қатысты. Қазақстанның құрама командасы атынан дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 4 оқушысы қатысты. 
Олимпиада қорытындысы бойынша, Астана құрама командасының қоржынында 4 алтын медаль бар. Алтын медальға ие болғандардың бірі – Астана қаласы "Бiлім-инновация" лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Құдайберген Әлихан жарыс барысында бәрінен озып, жоғары нәтиже көрсетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу