Фермерлер Ресей техникасын пайдаланғысы келмейді

915

Фермерлер Ресей техникасын пайдаланғысы келмейді

Ресейлік комбайн "John Deere", "Claas" немесе басқа да әлемдік маркалармен бәсекелеспек түгіл, қолына су құюға жарамайды. Үкімет отырысына қатысқан Қарағанды облысы фермерлер одағының төрағасы Игорь Жабяк осылай айтты, деп хабарлайды abctv.kz.
"Қазіргі кезде тіпті Ресей мен Беларусьта да фермерлер John Deere-мен дән сеуіп, егінді де батыстың осы озық комбайндарымен жинауда. Олар бұған еріккеннен барып отырған жоқ. Ал неге біз қазір отандық фермерлерді "Россельмаштың" техникаларына жаппай  отырғызудамыз? Ресейлік комбайн "John Deere", "Claas" немесе басқа да әлемдік маркалармен бәсекелеспек түгіл, қолына су құюға жарамайды. Еліміздің жері кең-байтақ дейміз, егістік көлемі де ауқымды. Бірақ сонымен бірге сол егінді тиімді жинау жағын да құнттауымыз керек. "John Deere-3" оны тиімді жинар еді, ол бір өзі "Енисей", "Дон" және басқа да ресейлік, беларустық комбайндардың бес-алтауын ауыстырады" – деді Игорь Жабяк.
Мұны естіп, Бақытжан Сағынтаев өз орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтен түсініктеме сұрады.
"John Deere" зауыт салмақ түгіл, Қазақстанда сервистік орталық та ашпады, ешқашан ашпайды да. Олай болса, олардың өнімін алмайтынымыз жөнінде мәселе қойсақ, содан кейін бізде ондай өндіріс пайда болады", – деп жауап берді АШМ басшысы.

"Біз тек ресейлік өндірісті ғана қолдаймыз деп отырған жоқпыз. Біз ресейліктермен бірлесіп, Көкшетауда, Беларусьпен бірлесіп, Қостанайда зауыт аштық. Елімізде өз өндірісін ашатын басқа маркаларға да құшағымыз ашық. Бірақ дәл осы айтылған ұстаным Қазақстанда қажетті өндірістерді ашуға серпін береді деп санаймыз", – деді Асқар Мырзахметов.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу