Қарағандыда шахтадағы өрт салдарынан кеншілер эвакуацияланды

1017

Қарағандыда шахтадағы өрт салдарынан кеншілер эвакуацияланды

Қарағандыда "АрселорМиттал Теміртау"  АҚ  шахтасында өрт болып, барлық кеншілер  эвакуацияланды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметіне сілтемемен ҚазАқпарат.

"10 наурызда Костенко атындағы шахтаның  желдету түйісімі учаскесінде өрт шыққан. Ауысым бастығы шұғыл апатты жою  шараларын енгізген. Шахтадағы барлық жұмысшылар жоғары, қауіпсіз жерге шығарылды",- делінген хабарламада.  Оқыс оқиғаның себеп-салдарын апатты жою шараларынан соң арнайы комиссия тексеретін болады.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу