Қарағандылық фармацевттер қатерлі ісікке қарсы дәрі шығаруды бастады

992

Қарағандылық фармацевттер қатерлі ісікке қарсы дәрі шығаруды бастады

Қарағандыдағы фармацевтикалық кешен қатерлі ісікке қарсы екі түрлі дәрі шығара бастады, деп хабарлайды khabar.kz.

Бұл емдік дәрілер ұзақ уақыт клиникалық зерттеуден өткен. Келешекте кәсіпорында өндірілетін дәрі-дәрмектің түрін 66-ға жеткізу көзделіп отыр. Сол арқылы фармацевтика нарығындағы отандық өнімнің үлесін арттыру көзделуде. Қатерлі ісік пен гемофилия дертіне қарсы бұл қос дәрі де қаңтар айында еліміздің дәріханалары мен ауруханаларына жеткізіле бастайды. Оның сапасына мамандар кепілдік беріп отыр, клиникалық зерттеуден өткен. Кәсіпорын жылына 4 миллион дана өндіре алады. Ең бастысы, бұл отандық өнімнің бағасы шетелдік препараттармен салыстырғанда 30 пайызға арзан.
Қазір еліміз бойынша фармацевтика саласында 70-тен астам зауыт жұмыс істейді. Олар 9 айда 54 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда 36 пайызға жоғары. Отандық кәсіпорындар келешекте шетелдің нарығына шығуды да жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу