Кәсіпкерлер 6 пайыздық мөлшерлемемен несие ала алады

2775

Кәсіпкерлер 6 пайыздық мөлшерлемемен несие ала алады

Енді кез келген адам алғашқы капиталсыз және тәжірибесіз кәсіпкер бола алады. Даму қоры ұсынатын жаңа бағдарламаға сай, жұмыссыздар, өзін өзі қамтып отырғандар, стартапшылар және кәсіпкерлер қолдауға ие болады. Қор өкілдерінің айтуынша, бағдарламаның шарттары өте жеңіл. Ниеті бар азаматтар 18 млн теңгеге дейінгі займды 6 пайыздық мөлшерлемемен ала алады. Бұл нарықтағы ең арзан несие болып отыр. Ал бизнес-идеясы бар адамдарға Кәсіпкерлер палатасы жоспар жасауға көмектеседі.

Зарина Кәрменова, Алматы қалалық "Даму" қорының бөлім менеджері: "Несиенің мерзімі де тұтынушыларға өте тиімді. 3 жылдан 5 жылға дейін рәсімдеуге болады. Ең алдымен қатысушылар арнайы кәсіпкерлік курсынан өтуі керек. Несие содан кейін ғана берілетін болады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу