Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарына байланысты мәлімдеме жасады

846

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарына байланысты мәлімдеме жасады

​ҚР сыртқы істер министрлігі Сирияның бүкіл аумағында соғыс әрекеттерін тоқтату туралы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясы бойынша мәлімдеме жасады.

"БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сирия бойынша, осы елдегі гуманитарлық жағдайды жақсарту үшін әскери қимылдардың тоқтатылуын реттейтін қарарын қабылдауды құптаймыз. Сирияның бірқатар өңірлерінде, соның ішінде Шығыс Ғутада көптеген бейбіт азаматтардың, оның ішінде әйелдер мен балалардың өліміне әкеліп соқтырған зорлық-зомбылықтың артқаны жағдайында бұл құжаттың маңыздылығын атап өтеміз. Қабылданған қарардың орындалуы халықаралық құқыққа сәйкес Сирияның зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық жəрдем көрсетудің қауіпсіз және кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін нақты қадамдардың бірі болады. Қарардың ережелерін толығымен сақтауға шақыра отырып, барлық мүдделі елдерден Сириядағы қақтығысты тез арада реттеу мақсатында қақтығысушы тараптар арасында сенім шараларын нығайту жолында нақты қадамдар қабылдауы үшін өздерінің беделі мен ықпалының пайдалануын күтеміз", - делінген мәлімдемеде.

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде, Сирия бойынша Астана процесінің тәжірибесіне сүйеніп, осы елдегі ахуалды, бірінші кезекте Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Женевадағы келіссөздерді жалғастыру және оған жалпы практикалық қолдау көрсету арқылы бейбіт жолмен шешуге балама жоқ екеніне сенімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу