Қазақстандықтар Қытай мен Ресейге бір айда 20 миллиард теңге аударған

779

Қазақстандықтар Қытай мен Ресейге бір айда 20 миллиард теңге аударған

Қазақстандықтар 2018 жылдың қаңтар айында шетелге 36 млрд теңге аударған деп жазады 7kun.kz.

Бұл 2017 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Өткен жылы бұл көрсеткіш 24,1 млрд теңгені құраған.

36 млрд теңгенің 40 пайыздан астам бөлігі (14,5 млрд теңге) Ресейге жөнелтілген. Одан кейінгі орында Қытай тұр. Қытайға бір айдың ішінде 5,3 млрд теңге аударылған. Үшінші орынға 3,9 млрд теңгемен Қырғызстан жайғасқан.

Одан бөлек, Өзбекстанға 3,7 млрд теңге, Түркияға 3,1 млрд теңге, Украинаға 959 млн теңге, Әзербайжанға 816 млн теңге, Тәжікстанға 553 млн теңге ақша аударымы жасалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу