Сириядан Грозныйға жеткізілген қазақстандықтар елге қайтарылады

862

Сириядан Грозныйға жеткізілген қазақстандықтар елге қайтарылады

Сириядағы соғыс аймағынан Грозныйға жеткізілген Қазақстанның бес азаматы таяу уақытта отанына жеткізіледі, деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.
"Оларды Грозный әуежайында Қазақстанның Ресейдегі елшілігі қызметкерлері күтіп алды. Әйелдің үлкен баласының жасы 5-те – 2012 жылы туған, кіші баласы жасқа толмаған",-  деген Жайнақов толық ақпаратты кейінірек беретінін жеткізді.
Еске сала кетсек, Шешенстанның Грозный қаласына Сирияның әр түкпірінен жиналған- 12 әйел мен 29 бала, барлығы 40 адам жеткізілген болатын. Оның бесеуі Қазақстан азаматы, екеуі Өзбекстаннан, өзгесі - ресейліктер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу