Құлсарыда жаңа вокзал салынады

1886

Құлсарыда жаңа вокзал салынады

Атырау облысы Жылыой ауданының орталығы Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы салынады, деп хабарлайды atr.kz.
1966 жылы салынған вокзалдың тозығы жеткен. Аудан халқының санымен салыстырғанда тарлық етеді. Оның үстінде, халыққа да қолайлы емес. Әзірге Құлсары вокзалында касса және анықтама ғана қызмет көрсетіп отыр. 
"Вокзал 1966 жылы салынып, 1977 жылы пайдалануға берілді. Енді наурыз айынан бастап, 500 орындық жаңа темір жол вокзалы бой көтереді", — дейді Құлсары вокзалының басшысы Беркін Зинелов.
Жаңа вокзалдың жобасымен аудандық сәулет және құрылыс бөлім қызметкерлері таныстырды. Алдағы уақытта жоспарланған құрылыс жұмыстарының сапасы аудандық және облыстық филалдың партияның бақылауында болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу