Қытайда оқулықтағы тестке Димаш туралы сұрақтар енгізілген

1025

Қытайда оқулықтағы тестке Димаш туралы сұрақтар енгізілген

Қытай оқушылары ағылшын тілі пәнінен тест жұмыстарында Димаш Құдайбергенов туралы сұрақтарына жауап береді. Тест сұрақтары түсірілген сурет әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Инстаграмдағы @zhongxindeying атты қолданушы өз парақшасында тест сұрақтары бар мәтінді суретке түсіріп жариялаған.

Мәтінде Димаштың жасы, туған жері, ата-анасы туралы ақпараттар бар. Оған қоса, оның I Am A Singer 2017 байқауына қатысып, қытайлық жанкүйерлердің сүйіспеншілігіне бөленгені туралы жазылған. Көрсетілген мәліметтерден кейін оқушыларға Димаш туралы бірнеше сұрақтар қойылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу