Ұлттық банк "Ы.Алтынсарин" монетасын айналымға шығарады

663

Ұлттық банк "Ы.Алтынсарин" монетасын айналымға шығарады

ҚР Ұлттық банкі 2017 жылғы 25 қазанда "Қазақстанның бейнелеу өнері" монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік, "рroоf" сапалы "Ы. Алтынсарин" ескерткіш күміс монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

"Ы.Алтынсарин" монетасы ұлттық мәдениетіміздің байлығын танымал етуге және Қазақстанның бейнелеу өнеріндегі бағыттардың толық аясын (графика, мүсін, бейнелеу, мозаика және т.б.) ашып көрсетуге арналған "Қазақстанның бейнелеу өнері" монеталар сериясын жалғастырады.

Ескерткіш монеталарды "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

"Proof" сапасымен жасалған ескерткіш монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Номиналы 500 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу