Молдова ЕАЭО ену туралы референдум өткізеді

1026

Молдова ЕАЭО ену туралы референдум өткізеді

Молдованың жаңадан сайланған президенті Игорь Додон осы елдің Еуроодақпен қауымдастық туралы  келісімінің күшін жойып,  Еуразиялық экономикалық одаққа ену туралы референдум өткізу қажеттігін айтты. Бұл туралы vestifinance.ru хабарлады. Молдовадағы президент сайлауының екінші кезеңінде жеңіске жеткен "Социалистер партиясының" басшысы "Известия" басылымына берген сұхбатында мемлекет басшысы ретінде неге басымдық беретіні туралы мәлім етті. Игорь Додон Еуразиялық экономикалық одақпен ықпалдасуды құптайтынын және алдағы уақытта ЕАЭО-ға ену мәселесі бойынша референдум өтетінін жария етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу