Мұнай қалдықтарын экономикалық тиімді өңдеудің әдісі табылды

1269

Мұнай қалдықтарын экономикалық тиімді өңдеудің әдісі табылды

Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары мұнай қалдықтарын экономикалық тиімді өңдеудің әдісін тапты, деп хабарлайды khabar.kz.

Бұл әдіс бойынша, қара алтын өндірісі кезінде құбыр бойында қалатын мұнай қалдықтарынан қайтадан тауарлы мұнай алынады. 
Айтулы жоба ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру байқауында үздік деп танылып, гранттық қаржыландыруға ие болды. Тың жобаны бизнес серіктестік пен ғылым қоры бірігіп қаржыландырмақ. 
Бүгінде Германияда құны 420 миллион теңге тұратын арнайы қондырғы жасалуда. Бұл аппарат сағатына 5-20 текше метр қалдықты өңдеп, құрамындағы 95% мұнайды бөліп алады. 
Жалпы, өндіріс барысында пайда болатын мұнай қалдықтарын көмуге, жағуға рұқсат жоқ. Ал оны қайта өңдеу экономикалық тұрғыда тиімсіз еді. Сондықтан арнайы орындарда жиналып, сақталатын. Қызылордалық мамандардың жаңа әдісі экологияны сауықтыру тұрғысынан да пайдалы болмақ. 
"Мұнайды еріп келетін қалдықтарынан бөліп алу үшін біз ортада тепкіш күшті пайдаланамыз, яғни центрифуга арқылы өте жоғары жылдамдықпен және арнайы химреагенттер қосу арқылы, демульгаторларды қосу арқылы біз мұнайды құрамындағы басқа фазалық қоспалардан бөліп, таза тауарлық мұнайды алу ойымызда бар. Мысалы, қалдықтың мөлшері 30% дейтін болсақ, оны өңдеу арқылы 1 тоннадан біз 300 кг мұнай аламыз деген болжам бар", - дейді инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісі Нұрбол Аппазов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу