Шымбұлақта чехиялық төрт турист адасып кетті

1161

Шымбұлақта чехиялық төрт турист адасып кетті

Алматы облысындағы "Шымбұлақ" тау шаңғы курортының аумағыннан төрт турист адасып кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

2018 жылдың 20 қаңтарында кешкі сағат 11-де "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының аумағында чехиялық төрт турист адасып кетті.

Оқиға орнына ҚР ІІМ ТЖК Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының жедел тобы барған. Іздеу жұмыстарына кинологтар жұмылдырылды. Алматы қалалық әкімдігінің құтқару қызметі қалалық ІІД-мен бірлесіп жүргізілген іздеу жұмыстары 4,5 сағатқа созылған. 21 қаңтарда таңғы сағат 4.30-да туристер "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты мен "Шымбұлақ" шатқалы аралығынан табылған. Қазір олар қауіпсіз жерде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу