Сирияда соңғы бес жылда алғаш рет халықаралық жәрмеңке ашылды

1100

Сирияда соңғы бес жылда алғаш рет халықаралық жәрмеңке ашылды

Сирия астанасы Дамаскте соңғы 5 жылдан бері тұңғыш рет халықаралық жәрмеңке ашылды. Халықаралық шараға әлемнің 23 елінен өкілдер қатысады, деп хабарлайды kazislam.kz.

Жәрмеңкенің бас директоры Фарес әл-Карталли шараға Франция, Ұлыбритания және Германиядан арнайы компаниялар қатысатынын мәлімдеді. Ал аталмыш мемлекеттер ресми Дамаскпен қатынастарын тоқтатуына байланысты компаниялар өз тауарларын жеке тәртіппен ұсынады.

Фарес әл-Карталлидің айтуынша, Дамакс қаласында алғашқы жәрмеңке 1954 жылы ұйымдастырылған. Халықаралық дәрежедегі бұл жәрмеңке араб әлеміндегі ең алғашқы шара саналады. Бес жылға жалғасқан соғыстан кейін бірінші рет өткелі отырған жәрмеңке 10 күнге жоспарланған. Оның аясында 49 павильонға әлем елдерінен келген 1 500 делегат орналасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу