Трейдерлер Иран МЭЕҰ+ келісімін бұзды деп дабыл қағып жатыр

449

Трейдерлер Иран МЭЕҰ+ келісімін бұзды деп дабыл қағып жатыр

Дүйсенбідегі таңғы саудада мұнай бағасы арзандай бастады. Оған себеп Иранның экспорт көлемін көбейтуі мен АҚШ бұрғылау құрылғылары санының артуы, деп жазады investing басылымына сілтеме жасаған naryk.kz.

Астана уақытымен сағат 12.25 -те Brent маркалы мұнай фьючерсі 0,42 пайыз азайып, 56,86 доллар болды.

Трейдерлердің айтуынша, бағаның арзандауына Иранның мұнай экспортын көбейтуі себеп болған. МЭЕҰ елдері жаппай мұнай өндірісін азайтып жатқанда Иранның керісінше жасауы, былтыр жыл соңында қабылданған МЭЕҰ+ келісімінің орындалуына күмән ұялатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу