Жаңа инвестициялық қор жұмысын бастады

1113

Жаңа инвестициялық қор жұмысын бастады

Жаңадан құрылған қазақ-мажар инвестициялық қоры алғашқы жобасын бастады. Бастапқы капиталы 40 млн долларды құрайтын қор Ақтөбе облысында жылыжай кешенін салмақ. Бұл туралы "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасының орынбасары Гүлназ Атамқұлова мәлімдеді.

Белгілі болғандай, келісімшарт 25 тамыз күні "AgroInvest Forum 2017" форумында бекітіледі. Аталған қор агроөнеркәсіптік кешеніндегі қаржы тапшылығын көріп отырған жобаларды дамытуды көздейді. Алдағы уақытта қосымша инвесторларды тарту арқылы капитал көлемін 150 млн долларға дейін ұлғайту жоспарланған.

Гүлназ Атамқұлова, "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" Басқарма төрағасының орынбасары: -"Агроөнеркәсіптік инвестициялық форумға 120 астам қатысушы тіркелді. Оның 40-қа жуығы қазақстандық кәсіпкерлер. Деректерге сүйенсек, шаруашылықты алға жылжыту үшін қатысушыларға шамамен 165 млрд теңге қажет. Жүргізілетін келіссөздер нәтижесінде жыл соңына дейін қосымша 115 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарланған". Сондай-ақ, форум аясында Да Винчи Капитал компаниясымен тікелей инвестициялық қор құру мәселесі талқыланады. Келісім құны 100 млн долларды құрайды. Ал, қазіргі таңда ауыл шаруашылығындағы шағын кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Еуропалық инвестициялық банкімен 10 жылдық мерзімге 100 млн еуро алу туралы келіссөздер жүргізілуде. Айта кетейік, соңғы бес жылда "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі сырттан 375 млрд теңге көлемінде инвестиция тартқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу