Жұмыс берушілер қызметкерлері туралы ақпаратты Egov-тан біле алады

1275

Жұмыс берушілер қызметкерлері туралы ақпаратты Egov-тан біле алады

Қазақстандық жұмыс берушілер енді өз қызметкерлері туралы ақпаратты eGov порталы арқылы ала алады. Мұндай жаңашылдықты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басшысы Абылайхан Оспанов айтты. Мәселен кез-келген мекеме жұмыс берушіден мекен-жай анықтамасын талап етпей, тікелей е-гов порталынан алуына мүмкіндік бар. Порталға алдымен смс-өтініш түседі сосын сізге келген смс хабарлама арқылы құжат түрін нақтылай аласыз. Мұндай жаңашылдық келер жылдың басында қолданысқа енеді. Айта кетейік бұл жерде бір ғана қызмет түрі емес, бірнеше қызмет түрі туралы анықтама алуға болады.

Абылайхан Оспанов, "Азаматтарға арналған үкімет" МК басшысы: "Біздің офиске келген адамнан мекенжай туралы анықтама сұрамаймыз. Ол біздің базада бар. Болашақта анықтама беру мен сұратуға шектеу қоюды ұсынып жатырмыз. Цифрлы Қазақстан жобасы бойынша анықтаманы үшінші жақта алуына мүмкіндік туады. Ең бастысы сіз рұқсат беруіңіз керек"

Бұдан бөлек келер жылдан бастап бірыңғай анықтама нөмірі енгізіледі. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша бұл ел азаматтары үшін барынша тиімді. Енді барлық мәліметтерді бір ғана 1414 телефон арқылы аласыз. Осылайша Бас прокуратура, Ішкі Істер минстрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Білім министрлігі туралы ақпаратты бірыңғай coll-орталыққа қоңырау шалу арқылы білуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу