"ҚазМұнайГаз" "Көктемгі жылулық" акциясын бастады

604

"ҚазМұнайГаз" "Көктемгі жылулық" акциясын бастады

"ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС алдағы мерекелер қарсаңында "Көктемгі жылулық" акциясын бастады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

12-сәуірден бастап "ҚазМұнайГаз" ЖМҚС желісінде АИ-92 бензині бағасы 4 теңгеге төмендеп, 1 литрі 159 теңге тұрады.

Айта кетсек, қазіргі уақытта "ҚазМұнайГаз" ЖМҚС бөлшек сауда желісі 340-тан астам жанар-жағар май құю станцияларын қамтиды, олар қалаларда, республикалық маңыздағы негізгі тас жолдарда, сондай-ақ Қазақстаннның шалғай ауылдық аудандарында орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу